Шарын шатқалында Қызыл кітапқа енген жыртқыш көзге түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Шарын ұлттық паркінде сирек кездесетін жануар видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шарын ұлттық паркінде сирек кездесетін жануар видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлар жабайы табиғатты жоспарлы бақылау кезінде түсірілген. Видеода манул айналаны шолып, кейін тастар арасынан баласы шығады.

Ұлттық парк өкілдері манулдың өте жасырын тіршілік ететінін, адамдардан аулақ жүретінін атап өтті. Сондықтан оның төлiмен бірге камераға түсуі – үлкен олжа. Бұл көрініс экожүйенің тұрақты екенін және сирек жануарлардың көбеюіне қолайлы жағдай барын көрсетеді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, манул Қазақстанның Қызыл кітабына енген және мемлекет қорғауында. Парк қызметкерлері туристерді белгіленген жолдардан шықпауға және табиғатқа зиян келтірмеуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная