Въетнамда демалғысы келген астаналықтар алаяққа алданды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Астана Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Елордалық полицияға қала тұрғындары шетелге жалған билет сатқандардың үстінен арыз түсірген. Күдікті жәбірленушілерге арзан бағада Вьетнамға әуе билеттерін сату жөнінде ұсыныс білдіргені мәлім болды. Елорда тұрғындары билеттердің бағасын онлайн төлеммен жіберген, төлемді алған соң, ол жәбірленушілерге жалған билеттің электрон нұсқасын жіберді. Ұшатын күні әуежайда жәбірленушілер алданғанын түсініп, сан соғып қалған.
Нұра ауданының Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алаяқтық жасаған 33 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу кезінде күдіктінің тағы 70 ұқсас қылмысқа, соның ішінде Алматы қаласында да, қатыстылығы анықталды.
Осылайша жалпы 20 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Күдікті алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.
Қылмыскер Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!