Шетелдік азамат Алматы әуежайындағы қылығы үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

5 тамызда сағат Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне "Air Astana" әуекомпаниясының өкілдерінен "Алматы-Дели" бағытындағы рейстің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

5 тамызда сағат Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне "Air Astana" әуекомпаниясының өкілдерінен "Алматы-Дели" бағытындағы рейстің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында көлік полицейлері 48-жастағы Үндістан азаматын анықтады. Ол ұшаққа отырғызу кезінде масаң күйде болған ер азамат өзін өте дөрекі ұстап, балағат сөздер айттып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Әуе кемесі командирінің актісі бойынша тәртіп бұзушы ұшақтан түсіріліп алынды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқық бұзушыда алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі анықталды.

Шетел азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі яғни, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйінде келу бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Еске салайық, жыл басынан бері Департамент қызметкерлерімен түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін 28301 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда масаң күйінде болғандар - 2915.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная