Шетелдік азаматтың Сайрандағы әрекеті алматылықтарды тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: threads.com/@askr.tmr

Алматыдағы Сайран көлінің жағасында қоқыс жинаған белгісіз туристің әрекеті әлеуметтік желілерде ең көп талқыланған тақырыптардың біріне айналды. Фотосуреттер жарияланғаннан кейін желі қолданушылары ер адамға алғыс айтты, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Алматыдағы Сайран жағасында түсірілген суреттер тарап кетті. Жазба авторы суреттердің астына: "Сайранда шетелдік азамат жүр, ол Алматыға келген қонақтар тастап кеткен қоқысты жинап жүр", - деп жазған.

Скриншот: Threads

Жарнама
Жарнама

Біз оқиғаның мән-жайын анықтау үшін фотосуреттердің авторы Темір Асқармен байланыстық.

31 жастағы Темірдің айтуынша, ол туристің су қоймасы жағасында қоқыс жинап жүргенін өз көзімен көрген.

"Оның 30 минут бойы қоқыс жинағанын көрдім. Мен келгенге дейін де, кеткеннен кейін де жинаған болуы керек. Жағалауды ұзақ аралады. Туристпен сөйлескен жоқпын, тек суретке түсіріп алдым. Оның қолында қоқыс толы едәуір үлкен пакет болды", - деді ол.

Фото авторы туристің кім екені немесе оның неліктен тазалықпен айналысуға шешім қабылдағаны туралы егжей-тегжейлі білмейді. Ол ер адаммен тілдеспегенін, тек көргенін таспаға басып алғанын атап өтті.

Бұл жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Көптеген желі қолданушысы белгісіз туристің игі ісіне алғыс айтып, сонымен бірге танымал демалыс орындарындағы қоқыс мәселесіне назар аударды.

"Алматыда уақытша тұрып жатырмын, мен де сырттан келгенмін. Тауға жиі шығамыз және жұрттың артынан қоқыс жинаймыз. Сырттан келгендер болсын, жергілікті тұрғындар болсын - қоқысын өзімен алып кете алмайтындар әбден шаршатты", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Басқа пікір қалдырушылар тазалық мәселесі - әркімнің жеке жауапкершілігі екенін атап өтті.

"Планета бәрімізге ортақ", - делінген пікірлердің бірінде.

Тағы бір тұрғын осыған ұқсас жағдайды көргенін айтты.

"Мен мұндай көріністі Есік көлі мен Көлсайда да байқадым. Қоқыс салатын пакет алып жүруден және оны арнайы урнаға тастаудан ұялмаймын. Табиғатты ластамай, оны сүю және қорғау керек", - деп жазды ол.

Сонымен қатар талқылау барысында өзгеше пікірлер де айтылды. Кейбіреулер елде қоғамдық орындарды тазалауға тұрақты түрде қатысатын еріктілер мен жанашыр жандардың аз емес екенін еске салды.

Бұл оқиға табиғатқа ұқыпты қарау және демалыстан кейін қоқысты жинап кету қажеттілігі тақырыбын қайта жаңғыртты.


Жарнама
Жарнама