Шетелдік қонақтар: қанша турист жаңажылдық демалысын Қазақстанда өткізді?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдік қонақтар: қанша турист жаңажылдық демалысын Қазақстанда өткізді? Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Көптеген қазақстандық Жаңа жылды пальма астында немесе Таймс-сквердегі шыршаның жанында қарсы алуды армандап жүргенде, шетелдіктер керісінше мерекелік күндерді Қазақстанда өткізуді таңдаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көптеген қазақстандық Жаңа жылды пальма астында немесе Таймс-сквердегі шыршаның жанында қарсы алуды армандап жүргенде, шетелдіктер керісінше мерекелік күндерді Қазақстанда өткізуді таңдаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Туризм және спорт министрлігі елге Жаңа жыл мерекелері кезінде қанша қонақ келгенін және қай қалаларда болғанын анықтады.

Қанша турист келген?

eQonaq жүйесінің деректеріне сәйкес, 30 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында Қазақстанға 6 924 шетелдік турист келген.

Қонақтардың көбі ірі қалаларға келген:

  • Алматы - 2 770 турист;
  • Астана - 1 198 адам.

Сондай-ақ ең танымал бес өңірдің қатарына мыналар кірді:

  • Атырау облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы;
  • Ақмола облысы.

Туризм және спорт министрлігі ұсынған

Туристер қай елдерден келген?

Қазақстанда Жаңа жылды қарсы алған туристер саны бойынша көшбасшы - Ресей, бұл елден 2 870 адам келген.

Сондай-ақ қонақтар жиі келген елдер қатарында:

  • Өзбекстан - 857;
  • Қытай - 732;
  • Үндістан - 647;
  • Қырғызстан - 217;
  • Тәжікстан - 187;
  • БАӘ - 182;
  • Түркия - 141;
  • АҚШ - 108;
  • Филиппин - 95.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
;