Шикі етті ұшақта тасымалдауға бола ма? Қазақстандық әуекомпаниялар түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шикі етті ұшақта тасымалдауға бола ма? Қазақстандық әуекомпаниялар түсіндірді Midjourney

Ұшаққа мұздатылған ет алмақ болған жолаушылардың көбі оған рұқсат етілген-етілмегенін білмейді. Біз бірнеше қазақстандық әуекомпания өкілдерінен жауап алдық, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұшаққа мұздатылған ет алмақ болған жолаушылардың көбі оған рұқсат етілген-етілмегенін білмейді. Біз бірнеше қазақстандық әуекомпания өкілдерінен жауап алдық, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Сұрақ

Редакцияға Қазақстан тұрғыны әуе сапарлары кезінде багажға мұздатылған ет пен балық алуға бола ма деген сұрақпен жүгінді. Оны азық-түлік тасымалына қатысты қандай ережелер бар екені қызықтырады. Айтуынша, алдағы күндері ол SCAT әуекомпаниясының рейсімен Петропавлдан Алматыға ұшуды жоспарлап отыр.

"Мен багажға мұздатылған ет пен балық алып өте аламын ба? Балаларым - студенттер, бұл олар үшін үлкен көмек болар еді", - деді ол.

Әуекомпания жауабы

Бұл жағдайға қатысты пікір алу үшін SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметіне жүгіндік. Онда бізге шикі етті, балықты (оның ішінде ысталған, кептірілген, тұздалған түрлерін), сондай-ақ құрамында шикі ет немесе балық бар өнімдерді тасымалдауға тек тіркелген багаж ретінде және талаптарды сақтай отырып қана рұқсат етілетіні нақтыланды.

"Өнімдер кемінде үш қабатты герметикалық полиэтилен қаптамаға, қағаз немесе картон қорапқа, сондай-ақ қосымша тығыз герметикалық қаптамаға оралуы тиіс. Бүлінген қаптама тасымалдауға қабылданбайды. Шикі ет пен балық мұздатылған күйде болуы қажет. Аталған өнімдерді қол жүгінде алып жүруге тыйым салынады. Ет немесе балық салынған багажды транзиттік немесе трансферлік рәсімдеуге жол берілмейді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, компания қышқыл сүт өнімдерін багаж және қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынатынын нақтылады.

"Тек балалар тағамы мен медициналық көрсеткіштер бойынша арнайы диеталық өнімдерге басымдық беріледі. Компания жолаушыларды сапарға дайындық кезінде осы ережелерді ескеруге шақырады", - деп жауап берді баспасөз қызметі.

Air Astana әуекомпаниясы да ел ішінде мұздатылған өнімдерді тасымалдау ережесін түсіндірді.

"Ет пен балықты бірнеше қабат қағазға және полиэтилен қапқа орау ұсынылады", - деді компания өкілдері.

Сондай-ақ тасымалдаушы Қазақстан аумағында дайын өнімдерді тасымалдауға "су немесе сұйықтық ақпайтын берік қаптама болған жағдайда рұқсат етілетінін" еске салды. Ерекшелік - қатты иіс шығаратын өнімдер, деп қосты баспасөз қызметі.

Шетелге сапарға қатысты айтсақ, жолға шығар алдында барған еліңіздегі азық-түлік тасымалы ережелерімен мұқият танысу қажет.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;