ШҚО-да Катонқарағай ауданындағы жаңа әуежай: не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/kolikpress Фото: t.me/kolikpress

Катонқарағай ауданындағы әуежайға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Катонқарағай ауданындағы әуежайға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, әуе айлағы Белқарағай ауылының маңында, 266 гектар жерде салынады. Жобада ұзындығы 2200 метрлік ұшу-қону жолағы қарастырылған.

"Жоспарланған бағыттар ішкі рейстерді (Катонқарағай – Астана, Алматы, Өскемен) және халықаралық рейстерді Алтай мен Қанасқа (Қытай), сондай-ақ Баян-Өлгей (Моңғолия) қамтиды", – деді көлік министрі Марат Қарабаев атқарылып жатқан жұмыстармен танысу барысында.

Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыға дейін жетеді. Сонымен қатар, министрліктің мәліметінше, туристік нысандарға апаратын жолдарды жөндеу жоспарланған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная