“Шөлмектегі кобра“: Астана әуежайынан заңсыз алып өтпек болған 7 ерекше зат

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Шөлмектегі кобра“: Астана әуежайынан заңсыз алып өтпек болған 7 ерекше зат Фото:depositphotos.com

Жолаушылар әуежай арқылы сирек кездесетін жануарлар, кісендер, тіпті өрт сөндіргіш құралды да алып өтпек болады. 2024 жылы Астана әуежайында тәркіленген ерекше заттар туралы толығырақ - Tengritravel.kz материалында.


Жолаушылар әуежай арқылы сирек кездесетін жануарлар, кісендер, тіпті өрт сөндіргіш құралды да алып өтпек болады. 2024 жылы Астана әуежайында тәркіленген ерекше заттар туралы толығырақ - Tengritravel.kz материалында.

Елорда әуежайының баспасөз қызметі қызықты, бірақ шағын тізім ұсынды.

2024 жылы жолаушылар мына заттарды алып өтпек болған:

  • бөтелкедегі кобра;
  • өткір сюрикэндер (лақтыратын қарудың түрі) және бумерангтар;
  • гендерлік кешке арналған өрт сөндіргіш құрал;
  • атыс қаруына ұқсайтын қолшатыр;
  • дубинкалар;
  • далапқа, тараққа, белдікке жасырылған пышақтар;
  • бензопила.

Фото: Астана әуежайының баспасөз қызметі

Астана әуежайының баспасөз қызметі мәліметінше, бұл заттардың барлығы тәркіленген. Сондай-ақ, кастеттер мен телескопиялық дубинкаларды (бұл толыққанды дубинкаларға айналатын ықшам жиналмалы өзін-өзі қорғау құралдары) өзіңізбен бірге әуежай арқылы алып жүруге болмайды – оларды да тәркілейді, ал тасымалдаушы жолаушы рейстен түсіріліп, айыппұл салынуы мүмкін.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 2 қарашасында Астана әуежайының ішкі рейсінде кобра салынған және тиісті техникалық паспорты мен сертификаты жоқ сұйықтық анықталып, тәркіленген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
;