Шығыс Қазақстанда аю видеоға түсірілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстанда аю видеоға түсірілді Фото:depositphotos.com

Марқакөл қорығында аю видеоға түсірілді. Бұл видео желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марқакөл қорығында аю видеоға түсірілді. Бұл видео желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлар Марқакөл қорығында 14 қазанда түсірілген. Солоной учаскесінде күзетте болған инспекторлар қоңыр аюлардың беткейлерде әлі де таяз қарда жүргенін байқаған. Бұл олардың ұзақ ұйқыға кетер алдында әлі қоректеніп жатқандарының белгісі.

"Ол ауа райына байланысты, шамамен қазанның ортасында немесе қарашаның басында ұйқыға кетеді. Ұядан көктемгі жылудың басталуымен шығады. Қорықтың мониторингтік бақылауына сәйкес, Марқакөл тауларында аюдың ұйықтауы 5 -6,5 айға созылуы мүмкін, шамамен 6,5 -7 ай олар осы қысқы ұйқыға дайындалады. Қорық қызметкерлерінің міндеті-оларға осы қысқы тыныштықты қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Маркакольский Заповедник (@markakol_1976)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
;