Шығыс Қазақстандағы алтын күз әуеден көрсетілді - әсерлі видео

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстандағы алтын күз әуеден көрсетілді - әсерлі видео видео кадры

Instagram-да Шығыс Қазақстан облысының күзгі сұлулығы көрсетілген видео тез таралып жатыр. Роликті 200 мыңнан астам адам көрген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram-да Шығыс Қазақстан облысының күзгі сұлулығы көрсетілген видео тез таралып жатыр. Роликті 200 мыңнан астам адам көрген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстандық Ұлас Ризабек Instagram-парақшасында түрлі түске боялған әсем таулар мен ағаштарды көрсеткен видеосын жариялады. Сәтті түсірілім мен әсем композицияның арқасында видео желіде тез тарап, танымалдылыққа ие болды.

Айта кетейік, бұл – видеографтың көп қаралым жинаған алғашқы жұмысы.

"Шығыстың сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Таңғалдым", "Қандай әсем", "Шығыс Қазақстанның керемет табиғаты мені тамсандырады", – деп жазды адамдар пікірде.

Жас жігіт видеоны өткен демалыс күндері дрон арқылы түсіргенін нақтылады.

"Осындай видеоларды түсірумен шамамен бір жарым жылдан бері айналысамын. Бұл роликтің идеясы күздің әсемдігін биіктен көрсету, табиғаттың қалай өзгеретінін және жоғарыдан қандай қанық түстерді көруге болатынын жеткізгім келді. Шабытты әртүрлі блогерлерден аламын, шетелдік те, отандық та бар", – деді ол.

Оның айтуынша, түсірілім Өскемен маңында өтіп, бар болғаны жарты күнге созылған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;