Шымбұлақта аспалы жол істен шығып, ішінде 21 адам қалып қойған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымбұлақта аспалы жол істен шығып, ішінде 21 адам қалып қойған видео кадры

Бүгін теңіз деңгейінен 3200 метр биікте орналасқан "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында "Комби-2" аспалы жолы тоқтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін теңіз деңгейінен 3200 метр биікте орналасқан "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында "Комби-2" аспалы жолы тоқтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары, ТЖМ РЖҚЖ және курорттың қызметкерлері шұғыл түрде кабинада қалған 21 адамды альпинист құрал-жабдығымен түсірген.

"Талғар асуында қалған 100 шақты қонақ қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Ыстық сусындар мен жылынатын орындар ұсынылды. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған Алматы ТЖД хабарламасында.

Аспалы жол уақытша жұмыс істемейді, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;