Шымкентте ұшақ итті қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

FlyArystan ұшағы Шымкентке қонғаннан кейін итті қағып кетті. Оқиға 15 сәуірде Алматыдан ұшып келген FS7105 рейсінде болған, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

FlyArystan ұшағы Шымкентке қонғаннан кейін итті қағып кетті. Оқиға 15 сәуірде Алматыдан ұшып келген FS7105 рейсінде болған, деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Болған жағдай туралы әуе компания хабарлады.

Реклама
Реклама

"2026 жылғы 15 сәуірде Алматы – Шымкент бағыты бойынша қатынайтын FS7105 рейсі қонғаннан кейін, Шымкент әуежайының ұшу-қону жолағында әуе кемесі жануармен (итпен) соқтығысты", - деп хабарлады тасымалдаушының баспасөз қызметі.

Компанияның ақпаратына сәйкес, соқтығысу салдарынан ұшақ зақымдалған.

"Соқтығысу салдарынан әуе кемесінің компоненттері зақымдалды. Қазіргі уақытта ауыстырылуы тиіс барлық бөлшек Алматыдан жеткізіледі", - деп нақтылады FlyArystan өкілдері.

Компания ұшақтың нақты қай бөлшектері зақымдалғанын ашып айтпады. Қазіргі уақытта оқиға фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр.

"Аталған факт Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қосымша ақпарат, соның ішінде иттің ұшу-қону жолағына қалай тап болғаны әзірге жарияланған жоқ.

TengriTravel

Реклама
Реклама