Сот басшылыққа қатысты даулы мәлімдеме жасаған Air Astana-ның экс-қызметкеріне үкім шығарды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот басшылыққа қатысты даулы мәлімдеме жасаған Air Astana-ның экс-қызметкеріне үкім шығарды Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматыда Алмалы аудандық соты FlyArystan және Air Astana әуекомпанияларының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Алмалы аудандық соты FlyArystan және Air Astana әуекомпанияларының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қандай айып тағылған?

Алмалы аудандық сотында Е., И., А.-ға қатысты сеніп тапсырылған ақшалай қаражатты иемдену және талан-таражға салу, сондай-ақ оларды заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы).

Сотта Е. мен И.-дің менеджер, ал А.-ның департамент директоры бола отырып, 2019 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ақшалай қаражатты иемденгені анықталған. Ұрланған қаражатқа жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алынған.

Тараптар ұстанымы

Сотталушылар кінәларын мойындамады. Жәбірленуші тарап пен прокурор бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сот шешімі

Сот үкімі бойынша, И. мен А. ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі негізінде мүлкін тәркілей отырып, 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Е. ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі негізінде мүлкін тәркілей отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленуші тараптың азаматтық талабы қанағаттандырылып, келтірілген залал сотталушылардан ортақ тәртіпте өндірілген.

Қылмыстық жолмен алынған мүлік жәбірленуші тараптың залалын өтеу есебіне тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін не болған?

Air Astana-ның экс-қызметкері басшылыққа қатысты даулы мәлімдеме жасады: тексеріс басталды

Еске салайық, бұл іс аясында бір жылдан аса уақыттан бері қамауда отырған Ренат Абулханов бұған дейін ашық хат жариялап, онда тағылған айыптарды мойындамай, істің қолдан ұйымдастырылған болуы мүмкін екенін және әуекомпаниясы басшылығы тарапынан корпоративтік қысым болғанын мәлімдеген еді.

Редакцияға қазақстандық Бекзат Құлмановтан хат келіп түсті. Ол өзін Ренат Абулхановтың досы ретінде таныстырып, тергеу изоляторында отырған кезде жазылған Абулхановтың хатын жолдаған. Хатта экс-менеджер қылмыстық қудалау нақты заңбұзушылықтардан емес, корпоративтік қақтығыстың салдары екенін айтады.

Абулханов Air Astana-да 2011–2015 және 2019–2024 жылдары жұмыс істеген. Соңғы қызметі FlyArystan әуе компаниясында маршруттық желіні жоспарлау және табысты басқару жөніндегі директор болған. Оның айтуынша, 2023 жылы компания IPO-ға дайындық барысында одан және оның департаментінен жасанды түрде жоғары коммерциялық көрсеткіштер көрсетуді талап еткен.

Ол бұл талаптарға келіспегеннен кейін басшылық тарапынан қысым күшейіп, қызметтен шеттетілгенін және артынша қылмыстық іс қозғалғанын жазады.

Хаттағы тағы бір маңызды мәселе - жеңілдетілген тарифпен әуе билеттерін рәсімдеу. Абулхановтың айтуынша, бұл компания ішіндегі қалыптасқан тәжірибе болған және билеттер топ-менеджмент өкілдерінің сұрауымен, соның ішінде олардың туыстары үшін рәсімделген. Ол бұл билеттердің ақшасы тікелей әуе компаниясының шотына түскенін алға тартады.

Абулханов өз хатында қаржылық есептерде сәйкессіздіктер барын, іс материалдарындағы сома айырмашылықтарын және келтірілген нақты залалдың дәлелденбегенін де атап өткен. Оның сөзінше, айыптау тарапы оған мүлкін тәркілеумен қоса 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ол бұл тәркілеуге жұбайы мен анасының мүлкі де кіруі мүмкін деп қорқатынын жеткізген.

Прокуратурада сол кезде жарияланған деректердің барлығы тексерілетінін растаған болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
;