Сот “Шымбұлаққа“ бензинмен жүретін көліктердің кіруіне тыйымды тексереді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот “Шымбұлаққа“ бензинмен жүретін көліктердің кіруіне тыйымды тексереді Фото:depositphotos.com

Конституциялық Сот "Шымбұлақ" шатқалына іштен жану қозғалтқышы бар автокөліктердің кіруіне шектеу қоюдың Конституцияға сәйкестігін тексереді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конституциялық Сот "Шымбұлақ" шатқалына іштен жану қозғалтқышы бар автокөліктердің кіруіне шектеу қоюдың Конституцияға сәйкестігін тексереді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Конституциялық Сот мәліметінше, Алматы әкімдігінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 1/167 қаулысының 1-тармағын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы өтініш түскен. Бұл қаулы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/122 "Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты.

Қаулының көрсетілген тармағы электр қозғалтқышындағы көлік құралдарынан (электромобильдерден), сондай-ақ коммуналдық, жедел және шұғыл қызметтердің арнайы техникасы мен көлік құралдарынан басқа, "Шымбұлақ" шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көлік құралдарының кіруін шектеуді белгілейді.

"Өтініш беруші бұл қаулы оның іштен жану қозғалтқышы бар автокөлікте өз үйіне еркін жүру құқығын шектейді, сондай-ақ электромобиль иелері үшін артықшылықтар белгілейді деп санайды, бұл іштен жану қозғалтқышы бар көлік құралдары бар адамдарға қатысты кемсітушілік болып табылады".

Енді Конституциялық Сот норманың Конституцияға сәйкестігін тексеруі керек болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;