Студент ұшақта денсаулығы нашарлаған жолаушыға көмектесті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Студент ұшақта денсаулығы нашарлаған жолаушыға көмектесті

Астана – Шымкент бағыты бойынша SCAT әуе рейсінде бір жолаушының жағдайы күрт нашарлап, ол ұшақ ішінде есінен танып қалған. Оған бортта болған студент көмек көрсетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға 14 қаңтарда болған. Жолаушы есінен танып қалған соң экипаж медицина қызметкерін іздеген. Дәрігер табылмағандықтан, Қарағанды медицина университетінің 7-курс студенті Дінмұхаммед Шегебаев алғашқы көмек көрсетіп, жолаушының есін жиғызған. Оның жағдайы тұрақталып, қонуға дейін бақылауда болды.

Ұшақ жерге қонғаннан кейін ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылған. Студенттің айтуынша, бұл жағдай оның дәрігер мамандығын дұрыс таңдағанына тағы бір рет көз жеткізген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
;