Тағы бір әуекомпания Ресейге ұшатын рейстерді тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Тағы бір әуекомпаниясы Ресейге бағытталған бірнеше рейсті уақытша тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Тағы бір әуекомпаниясы Ресейге бағытталған бірнеше рейсті уақытша тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Qanot Sharq (Өзбекстан) әуекомпаниясы Instagram-парақшасында рейстердің уақытша тоқтатылатынын хабарлады.

"Құрметті жолаушылар 20 қаңтар мен 6 наурыз аралығындағы кезеңде А320 ұшағында орындалатын рейстер операциялық қажеттіліктерге байланысты тоқтатылатынын хабарлаймыз", - делінген компанияның хабарламасында.

Ташкент, Самарқанд, Ферғана, Бұхара және Мәскеу (Домодедово әуежайы), сондай-ақ Санкт-Петербург және Нижний Новгород бағытындағы танымал рейстер уақытша тоқтатылды. Қаңтар, ақпан және наурыздың басына жоспарланған ондаған рейс тоқтатылды.

Мысал ретінде тоқтатылған кейбір рейстер:

  • HH701/702: Ташкент – Мәскеу – Ташкент;
  • HH703/704: Ферғана – Мәскеу – Ферғана;
  • HH709/710: Бұхара – Мәскеу – Бұхара;
  • HH741/742: Самарқанд – Санкт-Петербург – Самарқанд;
  • HH743/744: Нижний Новгород – Санкт-Петербург – Нижний Новгород.

Толық тізім компанияның ресми парақшасында жарияланған.

Әуекомпаниясы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, билеттерді қайтару немесе ауыстыру мәселелері бойынша қолдау қызметіне жүгінуді ұсынды.

Еске салайық, бұған дейін "Түрікмен әуе жолдары" компаниясы Мәскеуге бағытталған рейстерді бір айға тоқтатқан болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная