Таиланд пен Грузияға қазақстандық вакцина паспортын мойындау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Краби, Таиланд©Shutterstock Краби, Таиланд©Shutterstock

Қазақстан COVID-19 паспорттарын/сертификаттарын Венгрия, Таиланд Корольдігі, Моңғолия, Грузия, Молдова Республикасы және Қырғыз Республикасымен өзара тану мәселесін пысықтап жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Kaz.tengritravel.kz тілшісінің ресми сауалына жауап бере отырып хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан COVID-19 паспорттарын/сертификаттарын Венгрия, Таиланд Корольдігі, Моңғолия, Грузия, Молдова Республикасы және Қырғыз Республикасымен өзара тану мәселесін пысықтап жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Kaz.tengritravel.kz тілшісінің ресми сауалына жауап бере отырып хабарлады.

"Денсаулық сақтау министрлігі Сыртқы істер, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Молдова Республикасы, Қырғыз Республикасы және басқа да елдердің вакцинасы немесе COVID-19 тестінің теріс нәтижесі туралы деректерді қамтитын COVID-19 паспорттарын/сертификаттарын өзара тану мәселесін пысықтап жатыр", - деп хабарлады Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі.

Бұған дейін Қазақстан Сербияға QazVac вакцинасын мойындауды ұсынған болатын.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная