Танымал ел қазақстандықтарға визаны тегін етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал ел қазақстандықтарға визаны тегін етті Фото:depositphotos.com

Үндістан үкіметі қазақстандықтарға туристік және медициналық виза, сондай-ақ, медициналық ілесіп жүру визасын тегін беру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістан үкіметі қазақстандықтарға туристік және медициналық виза, сондай-ақ, медициналық ілесіп жүру визасын тегін беру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Виза қанша мерзімге беріледі?

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, азаматтарға 30 күнге дейін визалар виза алымы төленбей рәсімделеді.

"Екі ел халқы арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту және турист алмасуды дамыту мақсатында Үндістан Республикасы Үкіметі Қазақстан Республикасы азаматтарына 30 күнге дейін туристік визалар, медициналық визалар және медициналық ілесіп жүру визаларын тегін беру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім дереу күшіне енеді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Үндістан азаматтары Қазақстан аумағында 14 күнге дейін визасыз бола алатыны атап өтілді.

Визаны қайда рәсімдеуге болады?

Визаны екі жолмен рәсімдеуге болады:

  • e-Visa онлайн жүйесі арқылы;
  • қағаз форматында – Үндістанның Астана мен Алматыдағы немесе шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдан бір тревел-блогер Үндістанға онлайн-виза рәсімдегенде нені ескеру керек екенін айтып, жалған сайттардың көп екенін ескерткен. Мұндай алаяқ сайттар төлем қабылдап, бірақ виза бермей, адамдарды алдап кетеді.

Қазақстандықтарға визалық режимді тағы қай елдер жеңілдетуі мүмкін?

Бұған дейін туризмді дамыту мақсатында Қазақстан мен Израиль арасында визасыз режимді енгізу мәселесі талқыланған. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ресми сапармен Астанаға келген Израиль тарапынан әріптесі Гидеон Саармен келіссөз жүргізді.

Саяси консультациялар қорытындысы бойынша Қазақстан мен Израиль үкіметтері арасында ұлттық төлқұжат иелерін визадан босату туралы келісімге қол қою ниетін көздейтін меморандум жасалған.

Сонымен қатар, Қазақстан Еуропалық одақпен визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. СІМ мәліметінше, Қазақстан азаматтары үшін визалық рәсімді оңайлату процедурасы басталған, ал келесі айда келіссөздердің екінші раунды өтеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
;