Тарихы бай Маңғыстау өлкесіне саяхат

© Shutterstock

Маңғыстау өлкесі - тарихи ескерткіштерге бай, өткеннен сыр шертетін, ерекше жерлердің бірі. TengriTravel.kz сіздерді Маңғыстау облысының тарихи жерлерімен таныстырады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау өлкесі - тарихи ескерткіштерге бай, өткеннен сыр шертетін, ерекше жерлердің бірі. TengriTravel.kz сіздерді Маңғыстау облысының тарихи жерлерімен таныстырады.

Реклама
Реклама

Маңғыстау маңындағы Шерқала маңында әктасты таулар бар, мұнда сіздер біздің заманымызға дейінгі алып акулалардың тістерін таба аласыз. Бұл жерде ежелде Тетис теңізі болған, онда мекендеген ежелгі акулалардың тістері қалған деген болжам бар.

Маңғыстаудың тағы бір қызықтырар тарихи ескерткіші - жерасты мешіттері. Олардың алғашқысы - Шақпақ ата мешіті (Х-ХІІІ ғғ.). Тарихи деректерге сүйенсек, Шақпақ ата Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті болған және осы аймақта сопылықты уағыздаған. Мешіттің өзі бор жартағында қазылған. Бұрынмұнда бірнеше бөлмеден тұратын медресе болған. Жарық ғимаратқа арнайы күмбез арқылы түсіп тұрған.

Шақпақ ата мешітінің бастапқы келбеті сол күйінде сақталған. Мұнда ауқымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген жоқ. Ғимарат ішінде төрт бағанды көруге болады. Қабырғаларда араб тілінде әртүрлі жазулар көрінеді. Қазір мешіт көптеген адамдар үшін қажылық орны боп саналады.

Бірнеше шақырым жерде тағы бір жерасты мешіті бар - ол Сұлтан Епе жерасты мешіті (IX-XII ғғ). Әулие Сұлтан Епе де Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті.

Халық арасында оны балықшылардың қамқоршысы деп те атаған, мешіттің алдындағы кеменің тірегі тәрізді кішкентай тас құрылым осыны растайды. Ежелгі уақытта осы ғимаратта медресе болған.

Ежелгі кезде медресе болған тағы бір мешіт - Қаңғы баба жер асты мешіті (XIV-XIX ғғ.)

 

Нысан қайта қалпына келтірілген. Бұрын бұл жерде медресе болған деген болжам бар.

 

 

Шопан Ата мен Бекет Ата жерасты мешіттері Батыс Қазақстанның киелі орындары тізбегінде экспедиция керуенінің жолындағы соңғы нүктелер болды. Екеуінің арасы біршама жерде орналасқан қорымдар мен мазарлар осы жерлерге келетін көптеген зиярат етушілер үшін бірыңғай маршрутқа кіреді.

Шопан Ата кешеніне бара жатып, саяхатшылар оның адал серігі әрі күйеу баласы Бахадур мазарының жанында тоқтайды. Қабырғаларында петроглифтері бар шағын құрылым бір бөлме бар, онда адамдар дұға етеді.

Шақпақ Ата және Сұлтан епе сияқты, Шопан Ата Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті болған. Аңыз бойынша, Яссауи өз шәкірттеріне олар атқан жебенің артынан барып, сол жерде уағыздауға бұйырған. Қазір Шопан атаның оғы түскен орында - ірі мемориалды кешен бар. Демалуға және саяхатшыларға арналған бөлмелер бар.

XIII-XIV ғасырларда салынған мешіт жартастың ішінде орналасқан.

 

Оның айналасында көптеген бейіттер бар, олардың ең біріншілері ІХ ғасырға жатады.

Бекет Ата зиярат етушілерге арналған үлкен тарихи-діни кешен. Бірақ жер асты мешітіне кіру үшін, жартышақырымдық сатылардан түсуі керек. 

Бекет Ата (XVII-XVIII ғасырлар) ағартушы, сопылықты ұстанушы, сәулетшілікпен айналысқан.

 

Атырауға жақын жерде Жайық өзенінің жағасында Алтын Орда дәуіріндегі көне қала - Сарайшық үйінділері бар. Ерте заманда мұнда ірі сауда орталығы, өзінің тиын шығаратын мекемесі болған және керамика өндірген.

"Сарайшық кеңес заманында зерттеле бастады. Алғашқылардың бірі - археолог-ғалым Әлкей Марғұлан. Ол бұл нысанның Қазақстан тарихы үшін ерекше маңыздылығын атап өтті", - дейдіі Қазақстан Ұлттық музейінің аға ғылыми қызметкері Алпамыс Әбу.

Тарихшылардың мәліметінше, қалашықтың қазақ мәдениеті үшін маңызы зор, өйткені бір кездері бұл жер хандардың басты ордасы болған. Қазіргі уақытта тарихи ескерткіштің жанында Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылы орналасқан. Хан пантеондары орналасқан мұражай бар.

Өкінішке орай, өзен суы арнасынан тасып, тарихи қабат біржола шайылып кетті. Жергілікті биліктің нысанды қираудың алдын алуға талпыныстары нәтижесіз. Жанында зират бар, су тасқыны салдарынан адам сүйектерін жер бетіне шығып қалып жатады. 

 


© Владимир Прокопенко

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная