“Тек әйелдерді тексеру желісі“: Астана әуежайы жағдайды түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Тек әйелдерді тексеру желісі“: Астана әуежайы жағдайды түсіндірді Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде Астана әуежайында әйелдерге арналған жеке тексеру желілері пайда болды деген ақпарат талқыланып жатыр. Елордалық әуе айлағында мұндай тәжірибе шынымен бар ма, сондай-ақ Алматы әуежайында әйелдерге арналған желілер қарастырылған ба? Анықтап көрдік. Толығырақ - Tengritravel.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Астана әуежайында әйелдерге арналған жеке тексеру желілері пайда болды деген ақпарат талқыланып жатыр. Елордалық әуе айлағында мұндай тәжірибе шынымен бар ма, сондай-ақ Алматы әуежайында әйелдерге арналған желілер қарастырылған ба? Анықтап көрдік. Толығырақ - Tengritravel.kz материалында.

Әлеуметтік желідегі жазба

Жақында Threads-та көпшілік назарын аударған жазба пайда болды.

"Сіз Астана әуежайында тек әйелдерге арналған арнайы тексеру желісі бар екенін білдіңіз бе? Уау, бұл керемет! Әсіресе кіреберісте ұзын-сонар кезек жиналатын кезде жақсы", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Скриншот: Threads

Біз Алматы мен Астана әуежайларында мұндай тәжірибе шынымен бар ма, тексеріп көрдік.

Астана әуежайы

Әуе айлағының баспасөз қызметі Threads-тағы жазбаға пікір білдірді. Әуежайда тек әйелдерге арналған жеке тексеру желілері қарастырылмаған.

Алайда баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, қауіпсіздік талаптарына және қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әйелдерді тек әйелдер, ерлерді тек ерлер тексереді.

"Кезек пайда болған жағдайда кішкентай балалары бар әйелдер fast track арқылы өткізілуі мүмкін. Кейде жүре алатын баламен келген әйелдерді қызметкерлер әдеттегі есік арқылы өткізіп жібереді, өйткені автоматты түрде ашылып-жабылатын рамкалар кезінде бала адасып қалуы мүмкін. Кішкентай балалары бар әйелдер кезексіз, басымдық тәртібімен тексеруден өтеді", – деді баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ баспасөз қызметі әуежайдың халықаралық қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтайтынын және барлық жолаушыға барынша жайлы жағдай жасауға ұмтылатынын ерекше атап өтті.

Алматы әуежайы

Халықаралық Алматы әуежайында да қазіргі уақытта тек әйелдерге арналған тексеру желісі қарастырылмағаны айтылды.

"Барлық жолаушыға – әйелдерге де, ерлерге де тексеру рәсімі жалпы желілерде, қолданыстағы авиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес жүргізіледі. Қажет болған жағдайда қосымша немесе қолмен тексеру рәсімі құпиялылық талаптарын сақтай отырып және міндетті түрде жолаушымен бір жыныстағы қызметкермен жүргізіледі", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;