ТЖД алматылықтарды тауға шықпауға шақырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматы тұрғындары мен қонақтарына тауда жаяу серуендеудің қауіпті екені ескертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғындары мен қонақтарына тауда жаяу серуендеудің қауіпті екені ескертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" болжамы бойынша 20 қыркүйекте Алматыда қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайтынын хабарлады. Жел екпіні секундына 22 метрге дейін жетеді. Қала қонақтары мен туристерге жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және тауға барудан бас тарту сұралады.

"Егер қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы ескерту жарияланса, таулы аймаққа сапарды ауа райы жақсы болғанша кейінге қалдырған дұрыс", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная