Тоқаев Қазақстанда “Алтын виза“ иегерлеріне не берілетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде "Алтын виза" алатын шетелдіктерге қандай мүмкіндіктер бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде "Алтын виза" алатын шетелдіктерге қандай мүмкіндіктер бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге әлемнің әр түкпірінен білікті мамандар шақыру және инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

"Қазақстанды жайлы аймақтық хаб ретінде таныту үшін көші-қон үдерістері оңтайландырылып жатыр. Оның бәрі толық цифрлық форматқа көшіріледі. Таяуда қолданысқа енгізілген "Алтын виза" осы бағыттағы елеулі шешімдердің бірі болды. Бұл визаның иегерлері ұзақ уақыт бойы еліміздің резиденті бола алады. Артық әкімшілік жүктемеден босатылады. Оларға едәуір салық жеңілдігі беріледі", - деді Президент.

Жарнама
Жарнама

Мемлекет басшысының сөзінше, "Алтын виза" иегерлерінің отабсына да бірқатар жеңілдік қарастырылған.

"Бағдарламаға қатысушылардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан азаматтарымен бірдей сапалы білім алуға, медициналық қызметті пайдалануға мүмкіндігі болады", – деді Президент.

"Алтын виза" туралы не белгілі?

Еске салайық, бұған дейін вице-премьер-министр, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева шетелдіктерге арналған арнайы визаның енгізілгенін жариялаған болатын. Оның айтуынша, Қазақстан ел экономикасына сұранысқа ие мамандар үшін "мөлдір, болжамды және қолайлы" көші-қон жүйесін құруды көздеп отыр.

Балаева бұл ең алдымен жоғары білікті кадрлар мен инвесторларға қатысты екенін түсіндірді. Басымдық берілетін салаларға инженерия, IT, медицина, сондай-ақ өндіріс және инфрақұрылым жобалары кіреді.

"Өндіріс немесе инфрақұрылым саласында жобаны жүзеге асыратын шетелдік инвестор тұру және бизнес үшін тұрақты жағдайларға ие болады. Сол сияқты, еңбек нарығында сұранысқа ие инженерия, IT немесе медицина маманы заңдастыруға және жұмысқа орналасуға жеңілдетілген қолжетімділікке ие болады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Жарнама
Жарнама