Тосын сәлемдеме: Алматы әуежайында шетелдік ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы әуежайында Пхукеттен (Таиланд) келген шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайында Пхукеттен (Таиланд) келген шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы әуежайында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері ҰҚК және "Жетісу" кеден бекетімен бірлесіп, Пхукет - Алматы рейсімен келген 42 жастағы шетел азаматын ұстаған.

"Жүкті тексеру кезінде одан жалпы салмағы шамамен үш келі болатын кептірілген марихуана салынған алты пакет табылды. Алдын ала мәлімет бойынша ұсталған азамат жүкті Таиландтан алып келген. Яғни, сәлемдемені тексерместен бейтаныс адамдардан ақшалай сыйақы үшін алған. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Реклама
Реклама

ІІМ бөтен адамдардың жүгін тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті. Ведомство азаматтарды сақ болуға және есірткі қылмысына қатыспауға шақырады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная