Ұшақ жоқ. Алакөлге 2021 жылы қалай жетуге болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: @Shutterstock Фото: @Shutterstock

Үшарал және Үржар қалаларындағы екі әуежай қайта жөндеуден өтеді. Үшаралда топырақты ҰҚЖ төселеді, ал Үржар әуежайы уақытша жабылады. Осылайша, туристерге Алакөлге ұшақпен ұшу мүмкіндігі шектеледі. Алакөлге 2021 жылдың жазында қалай жетуге болады? Бұл туралы Кaz.tengritravel.kz  материалында. 


Иконка комментария блок соц сети

Үшарал және Үржар қалаларындағы екі әуежай қайта жөндеуден өтеді. Үшаралда топырақты ҰҚЖ төселеді, ал Үржар әуежайы уақытша жабылады. Осылайша, туристерге Алакөлге ұшақпен ұшу мүмкіндігі шектеледі. Алакөлге 2021 жылдың жазында қалай жетуге болады? Бұл туралы Кaz.tengritravel.kz  материалында. 

Ұшақпен жету

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер түсіндіргендей, Үшарал әуежайы жөндеу жұмыстарының арқасында көптеген жолаушы мен басқа әуетасымалдаушының заманауи ұшақтарын қабылдай алады. Бұрын ұшу-қону жолағына үлкен ұшақтар қона алмаған. Жөндеу кезінде жұмысты бұрынғы режимде жалғастыру жоспарланып отыр.

"Біз Чех өндірісіндегі ЛП-410 ұшақтарын алдын ала сатып алдық, олар тек асфальт және бетон отырғызу жолақтарына ғана емес, қиыршық тасқа да қонады. Жөндеу кезінде біздің ұшақтар жолаушыларды тасымалдайды және қиыршық тас төсеміне қонады. Бұл жағдай алдын-ала ойластырылған. Осылайша, жазғы маусымда бұл жөндеу кері әсер етпейді.

Талдықорғаннан күн сайын екі рейс: таңертең сағат 10.00 және 11.30-да ұшады. Сонымен қатар, аптасына үш рет - сәрсенбі, жұма және жексенбіде сағат 13.40 және 15.10-да ұшуға болады. Билет бағасы - ересектерге 8 000 теңге, балаларға 4 000 теңге.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан тұрақты тікелей рейстер болады. Қазір конкурс өткізіліп жатыр", - деп атап өтті облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Алайда, біз Алакөлге әуе қатынасынан басқа қандай жолмен жетуге болатынын айтамыз. Көл Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан. Сондықтан Алакөл курорттарына Алматыдан - оңтүстік жақтан, Өскемен және Семейден - шығыстан жетуге болады.

Пойызбен жету

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, әуежайлардың жабылуына байланысты 2021 жылдың жазғы маусымында Алматы, Нұр-Сұлтан, Семей және Өскеменнен Жалаңашкөл станциясына дейін жаңа пойыздар іске қосылады.

Алматы-Достық қатынасындағы жолаушылар пойызы күнара жүретін болады. Билеттер купе үшін 5361 теңге, плацкарт үшін 3600 теңге болады.

Жеке тасымалдаушы "Тұран Экспресс" ЖШС Алматы - Достық пойызын аптасына үш рет жүзеге асырады. Бағасы - купе мен плацкартадағы орын үшін тиісінше 4482 және 2885 теңге.

Алматы - Достық жаңа пойызы Алакөлдің оңтүстік жағалауына аптасына үш рет барып, жолаушыны пойызда орналасуына байланысты 6689 немесе 4432 теңгеге жеткізеді.

 Алакөл. Фото @Shutterstock

Елордадан Нұр-Сұлтан - Достық бағыты бойынша аптасына екі рет екі жолаушылар пойызы қатынайды (10 094 және 6608 теңге).

Бұдан басқа, "Арай Транс" ЖШС жеке тасымалдаушының пойыздары Нұр-Сұлтаннан Достық станциясына дейін күнара купемен 7389 теңгеге және плацкартпен 4831 теңгеге қатынайды.

Семей мен Өскеменнен де күнара пойыздар: Семей - Достық (3808 теңге) және Өскемен - Достық (4133 теңге) жүреді.

Автобуспен немесе көлікпен жету

Шығыс Қазақстан облысы жағынан жағалауға Семейден жетуге болады. Бұл қаланың автовокзалынан әдеттегі уақытта: кешкі сағат 7-де Семей - Үржар бағыты бойынша, кешкі сағат 5-те Семей - Барлық - Арасан бағыты бойынша және Семей-Мақаншы бағыты бойынша автобус қатынайды. Шамамен сапар уақыты - 10-12 сағат. Билет бағасы 3800 теңгеден басталады. Семейден автобус күн сайын сағат 20.00-де Алакөл көліне жеткізеді. Жазда автобустар саны артады. Бұл туралы автовокзалдың сайтында толығырақ жазылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная