Ұшақ көлік көп жүретін жолға мәжбүрлі қонды: видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұшақ көлік көп жүретін жолға мәжбүрлі қонды: видео Видео кадры

АҚШ-тың Вирджиния штатында ұшақ көлік көп жүретін жолға мәжбүрлі қонды. Қонған кезде ол бірнеше көлікті қағып кетті, салдарынан адамдар жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Вирджиния штатында ұшақ көлік көп жүретін жолға мәжбүрлі қонды. Қонған кезде ол бірнеше көлікті қағып кетті, салдарынан адамдар жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Fox5Atlanta дерегінше, оқиға дүйсенбіде шамамен 12:10-да Гейнсвилл елді мекенінде болған. Hawker Beechcraft BE-36 ұшағы Ли Гилмер атындағы әуежайдан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай қозғалтқышында ақау пайда болған.

Ұшқыштардың айтуынша, олар кері бұрылып, әуежайға қайтуға тырысқан, бірақ мұның мүмкін болмайтынын түсінген. Сондықтан экипаж ұшақты жақын маңдағы жолға қондыруға шешім қабылдаған.

"Гейнсвиллден ұшып шыққанда қозғалтқыш істен шықты. Нұсқаулық бойынша бәрін жасадық, кері қайтуға тырыстық, бірақ тым алыстап кеткенімізді түсіндік. Сол үшін жолдың қарсы бетіне қарай бұрылып қондық", - деді ұшқыш Томас Роджерс.

Қону кезінде ұшақ үш автокөлікті қағып өткен.

@abcnews

Two people were taken to the hospital with minor injuries after a small plane crashed into cars while making an emergency landing on a road in Gainesville, Georgia, police said.

♬ original sound - ABC News

Полиция не деді?

Полиция бұл жағдайдың соңы әлдеқайда ауыр болуы мүмкін екенін айтты. Тарту күші жоғалған соң ұшқыш бұрылмақ болған, бірақ сәтсіз шыққан. Ұшақ көліктерге соғылып, өтіп бара жатқан жол талғамайтын көліктің жанармай багын жұлып кеткен.

"Ұшақ құлап бара жатып бірде-бір бағанаға да, электр желісіне де тимей, тек үш көлікпен соқтығысқаны - шынымен де ғажайып", - деді полиция капитаны Холбрук.

БАҚ мәліметінше, екі адам жеңіл жарақатпен Northeast Georgia Medical Center ауруханасына жеткізілген. Ұшқыштар зардап шекпеген, тергеушілерге жауап беру үшін оқиға орнында қалған.

Апат салдарынан Браунс-Бридж-Роуд (аймақтағы маңызды жолдардың бірі) бірнеше сағатқа жабылды. Қазір оқиға орнында АҚШ-тың NTSB және FAA (әуе қауіпсіздігі органдары) мамандары жұмыс істеп жатыр.

Шығын көлемі әзірге айтылған жоқ, тергеу жалғасып жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
;