Үстірт қорығында сирек кездесетін жануар фототұзаққа түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үстірт қорығында сирек кездесетін жануар фототұзаққа түсіп қалды видео кадры

Маңғыстау облысында сирек кездесетін Үстірт арқары фототұзаққа түсіп қалды. Бұл кадрлар желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында сирек кездесетін Үстірт арқары фототұзаққа түсіп қалды. Бұл кадрлар желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Суреттерді Үстірт қорығы Instagram-парақшасында жариялады. Қазақстанның Қызыл кітабына енген Үстірт арқары – Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында қорғауға алынған.

"Үстірт арқары – ғылыми атауы "Үстірт уриалы" (ovis vignei arcal Eversmann) – сирек кездесетін түр, эндемик. Қазақстанда тек Маңғыстау облысында таралған. Үстірттің Оңтүстік Батыс шыңдарында кездесетін, аласа тау арқары", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Устюрт (@ustirt_kz)

Арқар – Үстірттің қысы суық, жазы өте ыстық, шөлді аймаққа жататын ауа райына бейімделген. Ыстық және құрғақ маусымдарда су іздеп басқа жерлерге қоныс аудармайды. Үстірт шыңының төменгі беткейлеріндегі су қоры өте аз, ащы бұлақтардан шөлін қандырады.

"Үстірт арқарының сезім мүшелері – көру, есту және иіс сезу қабілеті жақсы дамыған, себебі өте сақ жануар. Негізгі жауы – қасқыр, ал қозыларына түлкі, ірі жыртқыш құстар шабуыл жасайды. Арқардың аналықтары көбеюге 2,5-3 жасында, ал қошқарлары 4,5-5,5 жасында қатысады, күйек маусымы қазан-желтоқсанда", - делінген қорық хабарламасында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;