Үстіртте дала мысығы камераға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үстіртте дала мысығы камераға түсіп қалды

Маңғыстау облысындағы Үстірт қыраты аумағында орнатылған фототұзақтарға сирек кездесетін әрі аса сақ жыртқыш – дала мысығы түсіп қалды. Бұл туралы Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, алынған кадрлар дала мысығының табиғи ортада әлі де мекендейтінін дәлелдеп, Үстірт экожүйесінің сақталғанын көрсетеді. Экологтар бұл жыртқыштың табиғи тепе-теңдікті ұстап тұруда маңызды рөл атқаратынын, әсіресе ұсақ жануарлар санының реттелуіне ықпал ететінін атап өтті.

Сарапшылардың мәліметінше, дала мысығына төнетін негізгі қауіптер қатарында мекен ету аумағының тарылуы, браконьерлік және табиғи жерлердің тозуы бар.

Айта кетейік, Қазақстанда бұл түр мемлекет қорғауында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
;