"Самұрық-Қазына" өкілі Елжас Отыншиев қазақстандық Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторларға сату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Мәжілісте өткен үкімет сағатында спикер бүгінде Qazaq Air-дағы үлесті сату бойынша мәміле шарттарын анықтау жөніндегі негізгі келіссөздер аяқталғанын мәлімдеді.
"2024 жылғы 20 желтоқсанда Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында негізгі шарттар мақұлданды, жылдың аяғына дейін "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесі мен үкімет тарапынан оң шешім қабылданады деп күтеміз", – деді Отыншиев Мәжілісте өткен үкімет сағатында Астанада.
Оның айтуынша, вьетнамдық инвесторға екі негізгі талап қойылған.
"Бірінші – 2044 жылдың аяғына дейін 38,4 миллиард теңге көлеміндегі қарызды өтеуді қамтамасыз ету. Екінші – бес жыл ішінде Boeing немесе Airbus өндірісіндегі 20 әуе кемесін сатып алуды, сондай-ақ бұл мерзімді инвесторлар тарапынан екі жылға ұзарту мүмкіндігін қамтамасыз ету. Осы талаптарды орындау үшін вьетнамдық компания кепілдік беруге дайын", – деп толықтырды спикер.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!