Зейнетке шыққан қария велосипедпен Қазақстанды толық шарлап шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет diapazon.kz сайтынан Сурет diapazon.kz сайтынан

Ақтөбелік қария маусым мен тамыз аралығы Қызылорда, Шымкент, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Астана мен өзге қалаларды велосипедпен аралап өткен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбелік қария маусым мен тамыз аралығы Қызылорда, Шымкент, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Астана мен өзге қалаларды велосипедпен аралап өткен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Теміржол саласынан зейнетке шыққан Жұмабай Отарғалиев велосипед сатып алады да алдымен Шалқар, Қызылорда бағытында және Астраханьмен шекараға дейін барады.

Ал биыл еліміздің әр облысын аралап шығуды ұйғарады. Осылайша, ол Атыраудан бастап Шымкент, Тараз, Шу, Мойынты, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Семей, Павлодар, Астана және ары қарай жүріп өтеді. Ал өзінің бұл сапарын Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арнапты.

"21 маусым Атыраудан шықтым, марафонды тамыз соңында осы Атырауда аяқтаймын. Осы жолы Қазақстанның барлық облысын басып өттім. Күніне 80-нен 120 шақырымға дейін, кейде 200 шақырым жүріп отырдым. Ауа-райына байланысты. Жол жоқ жерде пойызға міндім. Өскеменнен Катон-Қарағайға дейін 300 шақырым жоғары жүру қиынға соқты. Ал түскен кезде жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін жетті.

Бастапқыда ол жаққа барамын деп ойламадым, бірақ Қалбатау ауылында блогер Дамир Күлешовты кездестірдім. Ол мұндай сұлулықты міндетті түрде көру керек деді. Біз бірге теңіз бойынан 1 800 метр биіктікке көтерілдік. Дамирдің арқасында Өскеменде маған жаңа велосипед сыйлады", - дейді Жұмабай Отарғалиев.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная