22 мамыр 2014 16:35

13 жылда Қазақстан мұнай саласына 200 млрд доллар инвестиция тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото REUTERS Фото REUTERS

Алдағы 13 жылда Қазақстанның мұнай саласына инфестиция тарту көлемі 200 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі Oilnews.kz-ке сілтеме жасап.


Алдағы 13 жылда Қазақстанның мұнай саласына инфестиция тарту көлемі 200 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі Oilnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Мұратов VII Астана экономикалық форумы аясында өткен сессияда осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Теңіз аймағында мұнай-газды инвестиция көлемі 27, Қарашығанақ 21, Қашаған 91 млрд долларды құрайды деп күтілуде. Сондай-ақ, басқа да активтерді қаржыландыру 25 млрд доллар шамасында болмақ және жаңа кен орындары үшін 48 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылмақ.

Бұдан бөлек, Қазақстанның 50 мыңға жуық азаматы жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Қазақстанның мұнай саласында ең басты проблема - жергілікті техникалық және инженерлік кадрларды дайындау жағынан артта қалушылық байқалып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети