07 ақпан 2014 18:59

2014 жылы алтын бағасы қымбаттамайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото www.itogi.ru сайтынан Фото www.itogi.ru сайтынан

"Қытайдағы онкүндік мерекеге байланысты алтын бағасының шатқаяқтап қалғандығын бүкіләлемдік БАҚ жарыса жазған болатын" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алайда қор индексі төмендегені байқалғаны сол-ақ екен, активтерге сұраныс артып, салдарынан қаңтар айының аяқ шешінде "патша" металының "мәртебесі" көтеріліп сала берді. Сөйтіп баға 3,1 пайызға көтерілді. Бұл туралы отандық БАҚ-тарға "Қазақмыс" корпорациясының сарапшылары мәлімдеп отыр. Естеріңізге сала кетейік, құнды металдың күш ала бастауы АҚШ доллары бағамы мен қор нарығындағы тұрақсыздыққа байланысты. Лондонның спот нарығында алтынның кешкі фиксинг бағасы соңғы сауда күні троя унциясы бағамымен айтқанда, 1254,5-тен 1256,5-ке, күміс 19,63-тен 20,14 долларға жоғарылады. Жалпы айтсақ, алтын қашан да қолдағы қордың ең сенімді активі саналған. Алайда тұғырынан таймай келген құнды металдың соңғы кездері сыр білдіре бастағаны баршаға аян. Қазір көпшілікті осы жылы "алтын нарығы несімен таңқалдырар екен?" деген сауал қызықтыратыны сөзсіз. Көптеген сарапшылардың болжамдарына көз жүгіртіп, бір арнаға тоғыстырсақ, қорытындысы былай шығады екен. Өткенге көз жүгірте кетсек, 2012 жылы бағасы мейлінше шарықтаған (троя унциясымен шаққанда 1814 АҚШ долларына) алтын осы күндері 30 пайызға бірден құлдыраған-ды. Айта кетейік, алтынның ең төменгі бағасы унция бағамымен 1182 долларды құрап, бүгінгі күндері 1256 долларға бағаланып отыр. Сарапшылардың ойынша "өткен 2013 жыл сияқты алтын үшін жылқы жылы қолайсыздық таныта қоймас". Инвесторлардың алтынды "АҚШ долларының құнсыздануынан қорғанудың ең күшті құралы" деп санайтыны да белгілі. Өз кезегінде олар да 2014 жылы алтынның бабында болатынына үмітті. Өйткені АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі ел экономикасын ынталандырудың үшінші бағдарламасын іске қосып, ол жыл аяғына дейін созылатын көрінеді. Бұл жағдай инвесторлардың сенімін күшейтсе керек. Десек те, жыл басынан бері көк қағаздың евроға және британ фунтына шаққандағы бағамы қазір мығым. Жалпы доллар дәл осы күндері барлық нарықта "қашса құтылатын, қуса жететін" күйде. Доллар мен алтынға текетірес жағдай туындаған сияқты. Алайда "алтын тағдырының тек долларға ғана байланып тұрмағандығын" алға тартып отырған сарапшылар былай дейді: "экономиканың жақсаруына монерталық саясаттың жұмсаруы кері әсерін тигізбей қоймайды. Ерте ме кеш пе, бұл жағдай инфлияциялық үдерісті жеделдетуі мүмкін". Ондай болса, тәжірибе талай көрсеткендей, шынымен де монетарлық саясат қатайтылса, алтын бағасы өседі, өз кезегінде бұл процесс инфляцияға әкеп соқтыруы мүмкін. Ал инфляция инвесторлардың алтынға деген сұранысты арттыратын ең мықты көзірі. Алтын бағасының соңғы жылдардағы тарихына көз жүгіртсек, былай: АҚШ-тағы базалық ставка көтерілгенде "патша" металы доллар бағамы нығайып тұрғанның өзінде 400-ден 650 долларға дейін бірақ секірген. Содан кейін 2007-2008 жылдары тәуекелі жоғары активтерге сұраныс артқанда және 2008-2009 жылдары жаһандық қаржы дағдарысы кезінде алтын құны шарықтаған болатын. Қазір көпшілік біледі, АҚШ-тың федералдық резерв жүйесі құнды қағаздар сатып алуларын шектеп, ынталандыру саясатын жыл соңына дейін ғана жалғастырмақ. "Онда қандай жағдай орын алуы мүмкін?" деген сауал туындайды. Сарапшылар бұл тұрғыда "монетарлық саясаттың қатайғандығының белгісі, өз кезегінде инфляцияның экономикаға әсерін әлсірете алуы мүмкін. Экономикадағы осындай айтып келмейтін "төтенше жағдайлар" алтын бағасының тұрақтылығына әрине кепілдік бермейді. Алайда алтын бағасы жыл соңына дейін бір орында тұра алады". Құнды металға инфляция тікелей әсер етеді десек, "инфляцияның қаупі жоғары. АҚШ-тың құнды қағаздары мен қарапайым қазыналық облигациялары табысының он жыл бойына мардымсыз болуына байланысты, бүгінгі күндері инфляция 2,1 пайызды құрап отыр. Десек те, АҚШ-тағы тұтынушылық инфляция өткен жылдың желтоқсан айында 1,5 пайызды құрған-ды. Ал қыркүйек айында инфляция бар-жоғы 1 пайызды ғана көрсеткен. АҚШ-та тұтынушылық баға индексі өскен сайын инфлияцияның күш алуы әбден мүмкін", - дейді мамандар. Қысқасы, алтын бағасында осы жылы бәлендей өзгеріс болмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети