Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

2015 жылы қай саладағы жұмысшылардың жалақысы өсті

17 Ақпан 2016, 13:27
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

2015 жылы экономиканың қай секторында жалақы көлемінің айтарлықтай өскені аталды, - деп хабарлайды Ranking.kz сараптама қызметі. 

Сонымен, кәсіби, ғылыми және техникалық секторларда жалақы деңгейі айтарлықтай өскен - бір жыл ішінде еңбекақы мөлшері 243,1 мың теңгеге, айына 456,7 мың теңгеге дейін өскен. Екінші орында қосымша білім беру қызметін ұсынатын кәсіпорын жұмысшылары тұр. Бұл секторда өткен жылы жалақы көлемі 282,3 мың теңге болған, ал 2014 жылы 207,5 мың теңге болған екен. Үшінші орынды басқару мәселелері жөнінде кеңес беретін бас компанияларының жұмысшылары алып отыр. Мұндай жұмысшылардың еңбекақысы 198,9 мың теңгеге, яғни ай сайын 630,7 мың теңгеге өскен. 

Сонымен қатар, 2015 жылдың қорытындысы бойынша орташа жалақының 10 пайызға өскені, яғни 139,5 мың теңгеге жеткені айтылады. "Еліміздегі ірі әрі орташа кәсіпорындар өз жұмысшыларының еңбекақысының бәсекеге қабілетті деңгейін сақтап қалуға тырысып жатыр - жалданған жұмысшылардың айлық жалақысы 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 139,5 мың теңгеге өсті, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 10 пайызға жоғары. Алайда ірі әрі орташа компанияларда жағымсыз экономикалық фонда жалақының өсу көрсеткіші 2014 жылдағы 11,8 пайызға қарағанда баяулаған", - делінген таралған хабарламада.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай