03 наурыз 2015 15:18

2016 жылы отандық дәрі-дәрмек Қазақстан нарығының жартысын жаулайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

2016 жылдың қаңтарында отандық дәрі-дәрмек сан жағынан Қазақстан нарығының 50 пайызын жаулайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазақстан ФармМедИндустрия" қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов хабарлады.


2016 жылдың қаңтарында отандық дәрі-дәрмек сан жағынан Қазақстан нарығының 50 пайызын жаулайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазақстан ФармМедИндустрия" қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов хабарлады.

"Біз қазір өзіміздің отандық дәрі-дәрмектің қазақстандық өндірісін белсенді дамытып келеміз. Мысалы, 2008-2010 жылдары біз 8-10 миллиард отандық дәрі-дәрмекті шығарсақ, қазір ол 36 миллиардқа жетті. Бұдан бөлек, қазір қазақстандық кәсіпорындарға шетелдік ірі инвесторлар тартылды. Тікелей инвестицияның жалпы көлемі 300 миллион доллардан асады. Бұрын нарықтың шағын болуына байланысты инвесторлар да болған жоқ. Ал қазір Кеден одағының нарығы - 170 миллион, енді оларға қызық бола бастады", - дейді Сұлтанов.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық нарықтағы отандық дәрі-дәрмектің үлесі - 37 пайыз, ал 63 пайызы - шетелдікі. Жағдай Алматы облысындағы фармацевтикалық ірі кәсіпорын іске қосылғаннан кейін түзелуі тиіс. Оның күші қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың мүмкіндігінен 11 есеге асып түсетін болады. Зауыт Түркия инвесторларының қатысуымен салынған. "Өткен жылы отандық дәрі-дәрмек шығаратын жеті кәсіпорын іске қосылды. Зауыттарда халықаралық GMP стандарты бар, ол өнім импортына тірек бола алады. (...) Бұл өзіміздің нарықтың 50 пайызын жабуға жеткілікті. Бірақ әлемде бірде-бір елдің барлығын өзі шығаруды мақсат етпейтінін ескеру керек. (...) Бұдан бөлек, соңғы үш жылда шприц, қан құюға арналған системалар, вакуум түтіктер, халаттар мен қолғаптар шығаратын 19 зауыт іске қосылды", - деді ол.

Отандық дәрі-дәрмектердің экспортына қатысты айтатын болсақ, Сұлтановтың сөзіне қарағанда, ол жыл сайын 5-7 пайызға артып келеді. Өнімнің жалпы көлемінің 10 пайызы экспортталып жатыр. "Жоспар бойынша, дәрі-дәрмекті шығару көлемі мынадай - 30 пайызы - мемлекеттік тапсырыс, 30 пайызы экспортқа және 40 пайызы - бөлшектеп сатуға арналған", - деді Сұлтанов.

Бұған дейін 2014 жылдан бастап, отандық дәрі-дәрмектердің қазақстандық нарықтың 50 пайызына ие болатыны бұған дейін хабарланған болатын. Бірақ Сұлтановтың айтуына қарағанда, ол кезде айтылған әңгіме жаңа зауыттардың құрылысы мен GMP стандартын алуға қатысты болған. Кәсіпорындар 2014 жылы желтоқсанда өткізілді, енді олар 2015 жылдың соңына қарай жобалық қуатқа шығуы тиіс.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети