02 қыркүйек 2015 16:15

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы аздап түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2 қыркүйек күнгі KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 240,54 теңге болды, бұл таңғы сессиядан 61 тиынға төмен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күнгі таңғы саудада доллар бағамы 241,15 теңге болды. Таңғы сессияда алғашқы келісім 240,6 теңгемен өтті. Ең төменгі баға 239,9 теңге болды. Ал ең жоғарысы - 240,6 теңге. Саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысты. Сауда көлемі 37,8 миллион доллардан асты.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйек күнгі соңғы саудада доллар бағамы 239,69 теңге болған еді. Бұған дейін экономист Олжас Құдайбергенов айтқандай, KASE доллар бағамының ақша айырбастау пункттері үшін заңды күші жоқ. Сонымен қатар, оның айтуынша, валюта нарығындағы құбылмалы кезеңде ақша айырбастау пункттері қиындыққа тап болады.

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети