KASE: Теңгенің долларға қатысты бағамы 343,71-ге тең

30 Наурыз 2016, 11:44
0
KASE: Теңгенің долларға қатысты бағамы 343,71-ге тең - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 343,71-ге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, сессия кезінде биржа сайтында ақаулар пайда болды.

30 наурыздағы таңғы сессияның бірінші келісімі 344,48 теңгемен өтті. Сессияда төменгі сауда 342 теңгемен, жоғарысы 345,1 теңгемен жасалды. Сауда көлемі болса 42,9 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, валюта айырбастау пункттері шетел валютасын 340-344 теңге аралығында саудалап жатыр.

Intercontinental Exchange порталындағы мәліметтерге сүйенсек, Астана уақыты бойынша сағат 11.12-де Brent маркалы мұнайдың баррель құны 39,37 долларға тең болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай