02 тамыз 2018 14:27

KAZ Minerals Абрамовичтің мыс жобасын 900 миллион долларға сатып алып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстандық мыс өндіруші KAZ Minerals тобы Ресей Федерациясы Чукот автономиялы округындағы Баимская мыс жобасын сатып алу жөніндегі келісім жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық мыс өндіруші KAZ Minerals тобы Ресей Федерациясы Чукот автономиялы округындағы Баимская мыс жобасын сатып алу жөніндегі келісім жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның сайтына сілтеме жасап.

Ол үшін ақшалай қаражат және акциялар түріндегі 900 миллион доллар ақы төленеді, оның ішіндегі 675 миллион  доллар бастапқы ақы және 225 миллион доллар кейінге қалдырылған ақы екені айтылады.

Айта кетейік, Баимская - ашық типтегі кеніш негізінде төмен шығынды, әрі ауқымды мыс өндірісін құру әлеуеті бар әлемдегі игерілмеген ірі мыс алаңдарының бірі. JORC кодексі бойынша қазіргі ресурстары 9,5 миллион тонна мыс, кендегі мыстың мөлшері 0,43 пайыз және 16,5 миллион унция алтын, кендегі алтынның мөлшері 0,23 г/т. 

"Алғашқы он жылдағы өндірістік күтіліп отырған жылдық орташа көрсеткіштер: шамамен 250 мың тонна мыс және 400 мың унция алтын, немесе мыс эквивалентімен 1 есептесек, 330 мың тонна. Кеніштің пайдалану мерзімі 25 жыл, операциялық шығындары бойынша шығындар жаһандық қисығында жоба бірінші квартильде және өндірістің алғашқы он жылында кендегі металдардың жоғары мөлшері жоғары болады", - делінген компания хабарламасында. 

Баимская мыс жобасы Роман Абрамовичтің құрылымына тиесілі.

"Баимская жобасын сатып алу KAZ Minerals-тың транформациясындағы келесі қадам. Ресейдегі бұл жаңа жобаны игеру Топқа саладағы көшбасшылық өсімді жалғастырып, құн және көлем өсімін қамтамасыз етеді. Ал болжамға сәйкес бұл уақытта мыс нарығы ұсыныстың айтарлықтай аз болатын кезеңіне өтеді. Қазақстандағы Бозшакөл мен Ақтоғай сияқты жобаларды салу мен сәтті іске қосудың арқасында біз ауқымды жобаларды іске асыруда тәжірибе жинақтадық, осының арқасында KAZ Minerals бұл жаһандық маңызы бар активті игерудің мінсіз
плафтормасына айналды", - деп пікір білдірді KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети