28 сәуір 2015 17:16

McDonald's Қазақстанда мейрамхана ашатын күнді әлі белгілемеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанда McDonald's-тың қай күні ашылатыны әлі анықталған жоқ, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне корпорацияның Лондондағы өкілеттігіндегілер хабарлады. Еске сала кетейік, 2014 жылы қарашада McDonald's-тың Қазақстанда 2015 жылы ашылатыны және оның қазақстандық франчайзиі Қайрат Боранбаевтың болатыны хабарланған еді.

"Біз McDonald's-тың Қазақстандағы бірінші мейрамханасының ашылуы туралы ақпарат бере алмаймыз, себебі оның ашылатын нақты күні белгіленген жоқ", - делінген ресми сауалға берілген жауапта.

Өз кезегінде, мейрамхананың 2015 жылы ашылатыны туралы мәліметті таратқан "Алмалы" активтерін басқару жөніндегі компаниялар" өкілдері McDonald's (Макдональдс) мейрамханасының жергілікті нарықта қай кезде пайда болатынын білмейтіндерін айтты. Бұған дейін қонақтарға ең сапалы өнім, үздік қызмет, жайлы орын, Wi-Fi Free, заманауи безендіру және тағы да басқа көптеген жағдайдың қарастырылатыны және мәзірде әлемдік дәстүрге енген әрі белгілі бола түскен Биг Мак, фри картобы, Чикен Макнаггетс және басқа тамақтардың болатыны хабарланған еді.

McDonald's - әлемнің қоғамдық тамақтандыру саласындағы жетекші бренді, дүниежүзі бойынша 35 мың кәсіпорны жұмыс істейді. 100-ден астам елдегі бұл кәсіпорындарға күн сайын 70 миллион адам қонақ болады. Компания өкілдерінің айтуынша, McDonald's-тің 80 пайыздан астам кәсіпорындары франчайзилердің иелігінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети