12 қаңтар 2016 12:04

Ақша айырбастау орындары долларды 370 теңгеден сатып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана мен Риддердегі ақша айырбастау орындарында доллар 370 теңгеден сатылып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Астана мен Риддердегі ақша айырбастау орындарында доллар 370 теңгеден сатылып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Kurs.kz порталының мәліметіне сүйенсек, сағат 11.41-де Қазақстанның 4 жерінде доллар осындай бағамен сатылды. Ал Риддерде сағат 11.05-тегі жағдай бойынша, бір ақша айырбастау орны долларды 370 теңгемен сатқан.

KASE таңғы сессиясы бүгін 362,62 теңгемен жабылғаны белгілі. Сессиядағы алғашқы келісім 359 теңгемен басталды. Саудадағы ең төменгі баға 358,5 теңге болды. Ең жоғарысы 367 теңгеге дейін жетті. Сессия кезінде сауда көлемі 82,9 миллион доллардан асты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети