06 мамыр 2016 13:57

Ақышев: Базалық мөлшерлемені төмендету - ҚР қаржылық тұрақтылығы тәуекелдерінің әлсіреуін білдіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлеме - ақша-кредит саясатының маңызды құралы және нарық жағдайының индикаторы бойынша шешімдерді Ұлттық банк басшылығының түсіндіру практикасын енгізеді. Бұл туралы ҚРҰБ-да телеарналар үшін берген брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

Атап айтқанда, оның сөзінше, базалық мөлшерлемені 17 пайыздан 15 пайызға дейін төмендету және оның пайыздық дәлізінің жаңа шектерін белгілеу ақша нарығындағы мөлшерлемелердің айтарлықтай төмен деңгейде қалыптасатынын, сонымен қатар нарықтық мөлшерлемелер құбылмалылығының төмендегенін  білдіреді. "Бұл нарыққа қатысушыларға өтімділікті тарту және орналастыру жөніндегі операциялар құнына қатысты белгісіздік дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады Ұлттық банк басшысы.

Еске салайық, 5 мамырда ҚРҰБ базалық мөлшерлемені 17 пайыздан 15 пайызға дейін төмендету туралы және пайыздық мөлшерлеме дәлізін +/- 2-ден +/- 1 пайыздық тармаққа дейін тарылту туралы жариялады. Тиісінше, тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша мөлшерлемелер өтімділікті беру бойынша 16 пайызды (бұрын - 19 пайыз еді) және өтімділікті алу бойынша 14 пайызды (бұрын - 15 пайыз елі) құрайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети