03 наурыз 2016 11:09

Ақышев қазақстандықтарға жинап жатқан қаражатының 50 пайызын долларға ауыстырып қоюға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев қазақстандықтарға жинап жатқан қаражатын 50 де 50 ұстанымы бойынша жинауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев қазақстандықтарға жинап жатқан қаражатын 50 де 50 ұстанымы бойынша жинауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз алдағы уақытта ұлттық валютадағы депозиттердің үлесінің көтерілетінін күтеміз. (...) Теңгенің айырбас бағамы әлсіз болса да, нығайса да, Ұлттық банк азаматтарға өз жинақтарын 50 де 50 ұстанымы бойынша жинауға кеңес береді. 50 пайызын ұлттық валютада, 50 пайызын шетел валютасында", - деді Ақышев Сенаттың отырысында.

Ал үзіліс кезінде ол нарық экономикасының жағдайында осындай кеңестің айтылып отырғанын қоса айтты. "Қазір қандай динамиканың бар екенін көріп отырсыздар, теңге әлсіз болуы да мүмкін, нығаюы да мүмкін. Ақшаны екі валютада жинаудың дұрыс нұсқа деп есептейміз. Бұл қалыпты стратегия, бұл арқылы жинақты барынша тиімді сақтауға болады", - деді Ақышев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети