26 қараша 2019 15:13

Алматы қаласы мен Алматы облысында электр қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Алматы мен Алматы облысында биылғы 1 қарашадан бастап электр тарифі өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы мен Алматы облысында биылғы 1 қарашадан бастап электр тарифі өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Түбіршектердегі өзгерісті алматылық Гүлназ Исаева байқаған. Ол "Электрэнергия төлемі" бағанында цифрлардың өсіп кеткеніне және оның қымбаттайтынын ешкім ескертпегеніне наразы. 

"Бағалар орта есеппен бір теңгеге өсті, мұнымен келіспеймін. Себебі мен қарыз болып қалдым. Бұл тарифтердің қайсымен төлеуім керек, жаңасымен бе, ескісімен бе - білмеймін", - деді ол. 

Tengrinews.kz редакциясы "Алматы ЭнергоСбыт" ЖШС-дан ресми пікір сұраған. Мамандар электр энергиясының бағасын былтырғы қарашаның көрсеткішімен бірдей қылғандарын айтады. Компания тұтынушылардың қарыздарды жаңа тариф бойынша өтейтінін де ескертті. 

"Енді орташа сату тарифі немесе экономикалық негізделген тариф - сағатына бір киловатт үшін 18,32 теңге. Бұл ҚҚС-ты есептегенде. Бірінші деңгейдегі тариф - сағатына бір киловатт үшін 17 теңге, екінші деңгейдегі тариф - сағатына бір киловатт үшін 21,99 теңге, үшінші деңгейдегі тариф - сағатына бір киловатт үшін 27,48 теңге", - деді "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-да. 

Тарифтің өзгеруіне электр станцияларындағы бағаның өсуі себеп болған. Мысалы, "Мойнақ су электр стансасы" АҚ тарифтерді бірден 68 пайызға өсірген. Алматы мен Алматы облысына электр беріп отырған басқа да компаниялардың қызметі қымбаттаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети