© Амир Абдулхаимов
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 4 желтоқсандағы таңғы саудасында 332,41 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 4 желтоқсандағы таңғы саудасында 332,41 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таңғы сауданың бірінші келісімі 332,10 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны - 332,80 теңге. Сауданың жалпы көлемі 31,350 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 331,2-333,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астана уақытымен 11.15-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 63,41 доллар болды.