KASE қор биржасының таңғы саудасында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 352,9 теңгеге дейін нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
KASE қор биржасының таңғы саудасында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 352,9 теңгеге дейін нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
24 қыркүйектегі таңғы сауданың бірінші келісімі 355,5 теңгемен өтті. Максималдық құны да осы болды, ал минималдық құны - 352,3 теңге. Сауданың жалпы көлемі 84 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ақша айырбастау орындарында ұлттық валюта350,9-356,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астана уақыты бойынша сағат 11.13-те Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 79,8 доллар.