1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Апта басында ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 341 теңгеге тең

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 25 қыркүйектегі таңғы саудасында долларға шаққандағы бағамы 341,03 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ал 22 қыркүйектегі таңғы саудада 339,80 және күндізгі саудада 341,20 теңге көрсеткішінде еді.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 340,70 теңгемен өтті. Минималдық құны -  340,50 теңге. Ал максималдық құны 341,40 теңгеге теңг. Сауданың жалпы көлемі 54,900 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 340-342,8 аралығында.

Мұнай бағасы 23 ақпанда Астана уақытымен 11.04-де Brent маркалы мұнайдың барреліне 56,34 доллар болды.