© Tengrinews.kz
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 6 қазандағы таңғы саудасында 343,72 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 6 қазандағы таңғы саудасында 343,72 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
6 қазандағы таңғы сауданың бірінші келісімі 344,50 теңгемен өтті. Максималдық құны да осы болды. Ал минималдық құны 343,30 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 106,800 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 343-346 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Мұнай бағасы 6 қазанда Астана уақытымен сағат 11.06 -да Brent маркалы мұнайдың барреліне 56,94 доллар болды.