"Аралтұз" экспорт көлемін арттырып келеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©good.kz ©good.kz

Сыр өңіріндегі іргелі кәсіпорнның бірі – "Аралтұз" зауыты жылдан-жылға экспорт көлемін арттырып келеді. Онда өткен жылы 138 мың тоннаға жуық тұз өндіріліп, елімізбен қатар жақын шет елдерге де экспортталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір кәсіпорын басшылығы 750-ден астам жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Инвестиция көлемі 2 миллиард теңгеге жетті. Тағы бір қуанышты жаңалық, биыл сәуір айынан бастап цех қызметкерлерінің еңбек ақысы 10 пайызға үстемеленетін болады. Өндірістегілердің 30 пайызын нәзік жандылар құрайды. "Аралтұз" АҚ вице-президенті Мұқан Мырзағұлов "Мемлекет басшысы барлық мекемеге жалақыны үстемелеуді тапсырды. Біздің оған шама-шарқымыз жетеді. Өндіріп отырған өнімімізге сұраныс бар. Техникаларды жаңаладық", - дейді Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, испан технологиясымен жабдықталған жаңа зауыттың қуаттылығы орасан. Жыл басынан бері 22 мың тоннадан астам тұз өндірілсе, оның 13 мың тоннасы ас тұзы саналады. Қалғаны техникалық және басқа бағытта дайындалады. Тоқсан жылға жуық тарихы бар "Аралтұз" акционерлік қоғамының өнімі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан секілді шет мемлекеттерге экспортталады. Алдағы уақытта Сауд Арабиясы, Жапония, Қытай елдерімен байланыс орнату жоспарда бар.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer