04 ақпан 2014 13:54

Әрбір облыс үшін газдың нақты бағасы бекітіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Ағымдағы жылы мамыр айынан бастап әрбір облыс үшін газдың нақты бағасы енгізілетін болады. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Марат Оспанов мәлім етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тоқтала кететін жайт, Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің айтуынша, бүгінгі таңда әр облыста газды сатып алу бағасы әртүрлі болып тұр. Мәселен, Маңғыстау облысында 1 мың текше метр газдың бағасы 1580 теңгеден 10500 теңгеге дейін жетеді. Ал Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов хабарлағандай, аймақтағы газдың бағасы күн санап өсіп келеді. "Кеше ол 15 190 теңгеге (бір мың текше метрі үшін - авт.) өссе, бүгін 16 571 теңгеге көтерілген". "Газдың бағасы осылай өсе берсе, бізде жылу тарифі 38 пайызға артады", - дейді қала басшысы. Оның айтуынша, қазіргі кезде газды сатып алу бағасы 12 мың теңгеден асып отыр. "Егер ол тағы 18 пайызға өссе, онда газдың құны 14 701 теңгені құрайтын болады. Одан кейін қазір табиғи монополияларды реттеу агенттігінің келісіміне сәйкес, тұтынушылар үшін 24 688 теңгеге немесе 12 пайызға өссе ондайда жылу тарифі 25 пайызға көтеріліп кетеді. Ол да аз емес. Ал тағы 38 пайызға көтерілсе, тұтынушылар үшін қиын болатынын жақсы білеміз", - деп атап көрсетті А.Есімов. Осыған орай, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі әрбір облыс үшін газдың нақты бағасын енгізуді көздеп отыр. "Алдағы уақытта біз дифференциацияны (ондайда таралатын қашықтық алыс болған сайын тауардың бағасын арзандату қарастырылған, негізгі мақсат - алыс және жақын жерлердің бағасын барынша теңестіру - авт.) қолдана отырып, әрбір облыс үшін газдың нақты бағасын бекітіп, мамырдың 1-інен бастап оны қолданатын боламыз", - деді ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Марат Оспанов Үкіметтің бүгінгі селекторлық отырысында. Дегенмен, бұл әрбір облыста газдың бағасы бірдей болады деген сөз емес. "Қазір әрбір облыста әртүрлі бағалар бар. Соның барлығын бір жүйеге келтіріп, бірыңғай бағаны анықтау қажет. Сол кезде газ тасымалдаушы ұлттық оператор - "ҚазТрансГаз" компаниясы газды бекітілген бағамен "ҚазТрансГаз Аймаққа" сата алады. Ол өз кезегінде табиғи монополияларды реттеу агенттігі әкімдіктермен келісе отырып, тұтынушылардың санатына қарай өткізетін болады", - дейді мұнай және газ министрі Ұ.Қарабалин. Оған дейін газ бағасының күр өсіп кету жағдайлары болмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети