19 тамыз 2015 12:51

Астанадағы айырбастау пункттері доллардың теңгеге шаққандағы бағамын нақтылай алмай жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада Tengrinews.kz тілшісі Республика даңғылы бойындағы айырбастау пункттеріндегі жағдаймен танысып қайтты. Бүгін, 19 тамызда қазақстандық бірқатар банктің сайтында доллардың 194 теңгеге қымбаттағаны белгілі болды. Мәселен, Forte bank сайтында доллар бағамы сатылымға 197,5 теңге деп көрсетілген. Ал Еуразиялық банктің сайтында 0,1 тиынға төмен - 197,4. Казкоммерцбанк - 198.67 теңге. Центркредит сайтында сату құны - 194.5 теңге. 

Республика даңғылындағы айырбас пункттерінде бір сағаттың ішінде жағдай бірнеше рет өзгерді. Бастапқыда жағдай қалыпты болса, түске таман кішігірім дүрлігу туды. Кейбір айырбас пункттері доллар сатуды тоқтатты, ал кейбірі белгілі бір межеде тұрақтай алмады, себебі доллар бағамы 5-10 минут сайын құбылды.

Бұл суреттерде бағамның ауыспай тұрғандағы және ауысқаннан кейінгі жағдайы көрсетілген:

Астананың кейбір тұрғындары кезекте тұрып, айырбастау пункттеріндегілердің оларды алдаумен айналысып жатқанын айтады. Олардың пікірінше, бұл пункттер көрсетіп отырған курс ойдан құралған. Көпшілігі болып жатқан жағдайға наразылық танытып, айырбас пункттерінің қызметкерлерімен жанжал шығарып жатыр.
Басқа айырбас пункттерінде доллардың сатылымы тоқтатылды. Түске қарай кішігірім дүрлігу туды, адамдар айырбас пункттерінің арасында доллар сұрап, сандалды. 
Айырбас пункттерінің маңында адамдардың долларды сатқаннан кейін қалайша табыс табуға болатынын сөз ету үстінде. Кейбірі болса кассаға бір бума теңге ақша әкеліп, "Мұнда қанша екенін білмеймін, бірақ долларға айырбастап беріңізші" деп жатыр.
 Еске салайық, Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов 2015 жылдың 15 шілдесінде жаңа валюта дәлізіне өткеннен кейін теңгенің долларға шаққандағы бағамының таяу арада осыған дейінгі диапазонда қалатынын мәлімдеген еді. Ол алдағы маусымда доллардың 190 теңгеге көтерілмейтініне уәде берген болатын.

Курстың ауытқу дәлізі бір долларға 170-188 теңгеден 170-198-ге өзгерген еді. 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети