Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Австралияның етіне тыйым салынды

12 Мамыр 2014, 13:26
0
Фото iaplanet.com
Фото iaplanet.com

Бүгін Автстралияның етін сатуға тыйым салынды. Ал маусымның 1-і алкогольдың барлық түрлеріне шектеу енігізіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі сыртқы сауда қызметін реттеу департаментінің директоры Әлия Әлімбетоваға сілтеме жасап. 

"Қазіргі кезде тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі шетелден келетін бірқатар тауарларға тыйым салды. Ал бүгіннен бастап Австралиядан келетін сиыр етінің импортына тыйым салынды. Себебі ол санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өтпей отыр. Оның құрамында адам денсаулығына қауіпті тринбалон ацитаттың мөлшері тым көп болып тұр. Бұл - өсу гармоны. Міне, сол себепті аталған ет өнімін Қазақстанға әкелуге тыйым салынып отыр", - деп атап көрсетті Әлия Әлімбетова бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Оның хабарлауынша, маусымның 1-інен бастап тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі алкоголь өнімдерінің импортына тыйым салмақшы. "Себебі бізде 21-ші техникалық регламент бар. Оның күшіне енгеніне бір жылдай уақыт болды. Осы уақытқа дейін өтпелі кезеңге рұқсат берілді. Енді, аталған техникалық регламентке сәйкес келмейтін алкоголь өнімдерін әкелуге және сатуға тыйым салынады. Бұл шектеу алкогольдың барлық түрлеріне таралады", - дейді департамент басшысы.   

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай