06 наурыз 2015 19:01

Әйелдер мейрамы қарсаңында елімізде шетел кәсіпкерлері бір байып қалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Suomilarissa.livejournal.com ©Suomilarissa.livejournal.com

Әйелдердің халықаралық күні қарсаңында елімізде гүл саудасынан түсетін табыстың 70 пайызын шетел кәсіпкерлері иеленеді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 


Әйелдердің халықаралық күні қарсаңында елімізде гүл саудасынан түсетін табыстың 70 пайызын шетел кәсіпкерлері иеленеді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 

Экономистер алматылықтардың еліміздің өзге өңірлерінің тұрғындарына қарағанда аса романтик екенін айтып отыр. Сарапшылардың мәліметінше, 8 Наурыз мерекесі қарсаңында республика бойынша барлығы 100 миллион доллардың гүлі саудаланады екен. Сол тауардың 70 пайызы шетелден кірсе, тек 30 пайызы ғана отандық кәсіпкерлерге тиесілі. Айта кетейік, жылына бір келетін мейрамда қазақстандық ер азаматтардың 75 пайызы қыруар қаржысын аруларға гүл сатып алуға жұмсайды. Экономист Мақсат Серәлінің айтуынша, еліміз бойынша 8 Наурызда әр ер азаматтың орташа есеппен 5000-25000 теңге аралығында гүл сатып алады. "Гүл өсіру, сату - өте тиімді бизнес. Бірақ бұл аумағына байланысты. Мысалы, шетелден келген гүлдердің 70 пайызы Астана мен Алматыда сатылады",- деді ол.

Кәсіпкерлер гүл бағасының күрт көтерілуіне шетелдік әріптестері мен жергілікті шаруаларды кінәлайды. Себебі, олар мейрамға қарсы сұраныстың көптігін сылтау етіп, тауар құнын екі еселеп жібереді. Мәселен, қыстыгүні 200 теңге тұрған раушанды отандық жылыжайлар мен Нидерланды кәсіпкерлері 400 теңгеден сатып жатыр. Бұл сомаға делдалдың жұмысы да қосылады. Осыған қарамастан, телеарна тілшілеріне берген сұхбатында саудагерлер гүл саудасының қызып тұрғанын айтады. Мәселен, Алматыдағы бір дүңгіршек тәулігіне 20 мың дана гүл сатылатын көрінеді.

Кәсіпкер Батырхан Жәкейдің айтуынша, бір күнде дүңгіршектен 500 адам гүл сатып алады. "Бір күні жүзден астам, мысалы, 8 Наурызда бұл жерге 500-ден астам адам келеді. Біздің ең қымбат гүл шоғымызда 501 тал гүл бар. Оның құны - 2500 доллар",- деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети